6 сағат бұрын
Азия ойындарында 26 қыркүйекте бокстан Қазақстан құрамасынан кімдер шығады
Фото: Қазақстан ҰОК
2026 жылғы Азия ойындарында 26 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан үш боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күні Виктория Графеева, Нұрбек Оралбай, Махмұд Сабырхан шаршы алаңға шығады.
Ел құрамасынан 1/8 финалда Виктория Графеева (60 келі) қытайлық Линь Юй-Тин, Нұрбек Оралбай (90 келі) ауғанстандық Силаб Нури, Махмұд Сабырхан (55 келі) ирандық Мехди Каземимен қолғап түйістіреді.
Құрлықтық бәсекеге еліміздің ерлер құрамасында 6, әйелдерде 5 боксшы аттанған еді. Олардың қатарында ерлерде Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.
Ал әйелдерде тізімге Алуа Балқыбекова (51 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі) және Наталья Богданова (75 келі) енгізілген.
Қазірге дейін Төрехан Сабырхан Азия ойындарында қатарлық Мұхаммед Дбичиді 5:0 есебімен қапы қалдырса, Алуа Балқыбекова үндістандық Сакши Чаудхариді 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Ал Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда Ким Мин Сёнгқа (Оңтүстік Корея) 2:3 есебімен жол берсе, одан кейін 1/8 финалда Назым Қызайбай (54 келі) қытаайлық Ксуа Жао, Оразбек Асылқұлов (60 келі) Оңтүстік Корея өкілі Донгхван Жангқа есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған.
Біздің серіктес: Sport12kz