4 сағат бұрын
Бокстан Қазақстан чемпионатының жарыс бағдарламасы белгілі болды
Фото: Қазақстан ҰОК
Тараз қаласында өтетін бокстан Қазақстан чемпионатының жарыс бағдарламасы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
Ел біріншілігі 30 қазан-6 қараша аралығында болады. Алдымен 29 қазанда жеребе тарту рәсімі өткізілсе, боксшылар 30 қазан-1 қарашада алдын-ала жекпе-жекте сынға түседі. Одан кейін 2-3 қарашада ширек финал болса, 4-5 қарашада жартылай финал белгіленген.
Ал 6 қарашада боксшылар финалда бас жүлдені сарапқа салады.
Еске салсақ, Қазақстан бокс федерациясында Бақыт Сәрсекбаевке қатысты дау туындады.
Біздің серіктес: Sport12kz