2 күн бұрын
Ақжүрек Қалабай әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық боксшы Ақжүрек Қалабай Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан U19 әлем чемпионатында қатарынан екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы алғашқы кездесуінде Қытай өкілі Кун Вангпен жұдырықтасқан. Бірінші раундта қарсыласы қабағынан жарақат алып, Қалабай келесі кезеңге жолдама алды.
Енді отандасымыз әлем біріншілігінің үшінші айналымында шаршы алаңға шығады.
World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жарыс 16-27 қазан аралығында өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz