1 күн бұрын
Үш айдан кейін екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы боламын — Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы даниялық Якоб Банкпен өтетін жекпе-жекке дайындығы туралы пікір білдірді. Қос боксшы бос тұрған WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
«Біз қарсыласымызды зерттеп, оның осал тұстарын анықтадық. Енді аянбай еңбек етіп, жақсылап дайындалатын уақыт келді. Оның өз елінде бар күшін салатынын білеміз. Жаңа салмақ дәрежесі. Жаңа деңгей. Алла қаласа, үш айдан кейін екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы боламын!» – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк арасындағы жекпе-жек 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында өтеді. Қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, екінші салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанады.
Біздің серіктес: Sport12kz