10 сағат бұрын
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне билеттер 28 қазанда сатылымға шығады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен даниялық Якоб Банк арасындағы жекпе-жекке билеттер сату 28 қазанда басталады деп жоспарланған. Билет бағасы 699 дат кронасынан (шамамен 47 мың теңге) басталады.
Қос боксшы 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында жұдырықтасады. Олар екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы атағына таласады.
Бұл жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлы үшін жаңа салмақтағы алғашқы айқас болмақ. Қазақстандық боксшы бұған дейін орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған.
Біздің серіктес: Sport12kz