4 сағат бұрын
Бибарыс Әшірбай бокстан әлем чемпионатында ширек финалға өтті
Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатында кезекті отандасымыз жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
70 келіде фавориттердің қатарына кіретін Бибарыс Әшірбай 1/8 финалда Люк Насифпен (Аустралия) айқас өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Алғашқы минуттан-ақ отандасымыз шабуыл және сауатты қорғанысы арқылы ұпай жинап, қарсыласының жоспарын асыруға мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде Бибарыс 3 раунд бойы Аустралия өкілінен сенімді түрде айласын асырды.
Біздің серіктес: Sport12kz