13 сағат бұрын
Бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына екінші жүлде түсті
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жүлдесіне ие болды.
Ширек финалда Еркетаң Жарқынбек Германия өкілі Йоан Эрнандеспен жұдырықтасып, төрешілердің 3:2 есебіндегі шешімімен жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алды. Оның еншісінде енді кем дегенде қола медаль бар.
Бұған дейін 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Зарина Толыбай да жартылай финалға шығып, Қазақстан құрамасына алғашқы жүлдені қамтамасыз еткен еді.
Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты Черногорияның Будва қаласында өтіп жатыр. Биылғы додаға 69 ұлттық федерациядан 474 боксшы қатысуда.
Біздің серіктес: Sport12kz