Матч орталығы
КХЛ Хоккей Трактор Трактор 5:2 Аяқталды Шанхайские Драконы Шанхайские Драконы ВХЛ Хоккей Дизель Дизель 0:3 Аяқталды Молот Молот КХЛ Хоккей Динамо Минск Динамо Минск 4:0 Аяқталды Авангард Авангард КХЛ Хоккей Нефтехимик Нефтехимик 4:3 Пенальтиден соң Салават Юлаев Салават Юлаев Испания кубогы Футбол Анайтасуна Анайтасуна 1:6 Аяқталды Алавес Алавес Чемпиондар лигасы Хоккей Регле Регле 2:2 Аяқталды Шеллефтео Шеллефтео Испания кубогы Футбол Памплона Памплона 0:3 Аяқталды Эйбар Эйбар Челленджер Ноксвилл Теннис Даниэль Милавский Даниэль Милавский 2:0 Аяқталды Мерфи Кассоне Мерфи Кассоне Челлендж кубогы Волейбол Воллей Наефелс Воллей Наефелс 2:3 Аяқталды Бигбанк Тарту Бигбанк Тарту Чемпиондар лигасы Хоккей Адлер Адлер 4:2 Аяқталды Таппара Таппара Чемпиондар лигасы Хоккей Давос Давос 5:4 Аяқталды Шкода Пльзень Шкода Пльзень Испания кубогы Футбол Михас Лас Лагунас Михас Лас Лагунас 1:2 Аяқталды Реал Хаэн Реал Хаэн Испания кубогы Футбол Тривал Вальдерас Тривал Вальдерас 0:1 Аяқталды Леганес Леганес Испания кубогы Футбол Аморебьета Аморебьета 1:0 Аяқталды Логронес Логронес Испания кубогы Футбол UE Tavernes UE Tavernes 0:6 Аяқталды Валенсия Валенсия Международный Кубок Чемпионов Футбол Үндістан Үндістан 14:30 Бүгін Мальдив Мальдив Международный Кубок Чемпионов Футбол Бангладеш Бангладеш 19:00 Бүгін Шри-Ланка Шри-Ланка Еуропа чемпионаты U19 Футбол Қазақстан U19 Қазақстан U19 20:45 Бүгін Шотландия U19 Шотландия U19 КХЛ Хоккей СКА СКА 21:30 Бүгін Динамо Динамо Стокгольм мужчины Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 22:00 Бүгін Каспер Рууд Каспер Рууд

07.09.2024

Паралимпиада: 6 қыркүйекте ел құрамасы қанлай нәтижеге қол жеткізді?

Паралимпиада: 6 қыркүйекте ел құрамасы қанлай нәтижеге қол жеткізді?

Париж Паралимпиадасында 6 қыркүйекте ел құрамасы қоржынына бір күміс, бір қола медаль түсті. 

Пара дзюдо: J1 санатында 73 кг салмақта өнер көрсеткен Ерғали Шәмей финалдық белдесуде румыниялық балуан Флорин-Александр Бологаға жол беріп, Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

57 келідегі Даяна Федосова үшінші орын үшін өткен кездесуде Түркия өкілі Дёндю Ешилюртты айқын жеңіп, ел қоржынына кезекті қола жүлдені салды.
Қола жүлдеге белдескен Аяла Мереке (70 кг) Токио Паралимпиадасының күміс жүлдегері грузиялық Ина Калданиден жеңіліп қалды.

Пара жүзу: Әйелдер арасындағы S4 санатында еркін стильде жүзуде Зүлфия Ғабидуллина финалда бақ сынап, мәреге 7-ші болып жетті.

Ерлер бәсекесінің S5 санатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Сиязбек Дәлиев финалда өнер көрсетіп, 7-орынға табан тіреді.
Пара каноэ: Жаңыл Балтабаева 200 метр қашықтықта VL3 санатында сынға түсіп, 1:04.72 нәтижесімен жартылай финалға жолдама алды.

Бибарыс Сыпатай KL2 санатында 200 метр қашықтықты 48.50 секунд нәтижесімен жартылай финалға шықты. 

Паралимпиаданың тоғызыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде бар.


Біздің серіктес: Sport12kz