28.02.2025
Шахматтан әлем чемпионы қайтыс болды
Фото: ТАСС
Шахматтан әлемнің оныншы чемпионы ресейлік Борис Спасский 88 жасында көз жұмды.
Бұл туралы Ресей шахмат федерациясының президенті Андрей Филатов хабарлады.
Спасский — шахматтан екі дүркін КСРО чемпионы (1961, 1973). Олимпиада ойындарында 10 мәрте бақ сынаған.
1969 жылы армениялық Тигран Петросянды жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи