28.02.2025
«Странджа» кубогы: Бүгін шаршы рингке кімдер шығады?
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Бүгін Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Странджа» кубогының бесінші жарыс күні.
Кіші әлем чемпионаты саналатын додада бұл күні әйелдер бәсекесі өтеді.
Аталған санатта ел намысын 13 отандасымыз қорғайды.
Әйелдер:
48 кг. Әйгерім Саттыбаева – Уолш Чиара (Ирландия)
50 кг. Елянур Тұрғанова — Мулаи Роман (Франция)
52 кг. Жансая Рахымберді – Венелина Поптолева (Болгария)
52 кг. Жазира Орақбаева – Беннама Рим (Франция)
54 кг. Сымбат Әлиасқар — Ярен Нилай (Түркия)
54 кг. Сақыш Әнел — Мелисса Бунуа (Франция)
57 кг. Айдана Забынбекова – Эдиз Эсе Асуде (Түркия)
60 кг. Римма Волосенко – Николи Ребекка (Италия)
63 кг. Лаура Есенкелді – Карини Анжела (Италия)
66 кг. Гаухар Шайбекова – Ян Лиу (Қытай)
70 кг. Әзиза Исина – Константиниду Елизавет (Грекия)
75 кг. Нәлібай Шұғыла — Василики Ставриду (Грекия)
+81 кг. Ләззат Күнгейбаева – Дузтас Сейма (Түркия)
Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи