Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

28.02.2025

UFC: Асу Алмабаев алдағы айқасында жеңіске жете ала ма?

UFC: Асу Алмабаев алдағы айқасында жеңіске жете ала ма?

 Ресейлік Metaratings.ru сайты 2 наурыз күні Асу Алмабаев пен Манел Капенің арасында өтетін жекпе-жекке өз болжамын ұсынды.

Шаршы рингтегі алтыншы және сегізінші нөмірлі спортшылардың айқасы. Капе UFC-де ұзақ уақыт бойы өнер көрсетіп келсе де, әлі бес раундтық жекпе-жек өткізбеген. Дегенмен, 10 жыл бұрын KOC – Knock Out Championship турнирінде ол Антуан Галлинороны төртінші раундта нокаутқа түсірген.

Алмабаевтың 25 минуттық жекпе-жек өткізу тәжірибесі бар, ол М-1 лигасында шыңдалған. Сондай-ақ, UFC-дегі төрт жеңісі оның жанкүйерлеріне үміт сыйлап, әлемдегі ең үздік лигада үлкен болашақ күтіп тұрғанын көрсетеді.

Букмекерлердің пікірінше, Капе – айқын фаворит. Алайда, бұл жекпе-жек олардың күткенінен де тартысты өтуі мүмкін. Стильдердің қақтығысы бір спортшының толық басымдық көрсетуіне мүмкіндік бермейді. Манел Капеге мінсіз өнер көрсету қажет. Әсіресе орта және жақын қашықтықтан сақтануы тиіс. Өйткені дәл осы сәтте Алмабаев клинчке кіріп, жекпе-жекті партерге ауыстыруға мүмкіндік алады. Бұл Анголалық спортшы үшін қиын сынақ.

Қазақ спортшысы үшін де оңай болмайды. Себебі ол алғаш рет жылдам, күреске төзімді қарсыласпен жұдырықтасады. Дегенмен, Капе бұған дейін Матеус Николаудан бірнеше тейкдаун өткізіп алған. Оны Мұхаммед Мокаев та партерге түсірген. Демек, өте мықты күресу техникасына ие Алмабаевтың да мұны істеуге шамасы жетеді.

Бұл жекпе-жекте нақты фаворитті таңдау қиын, алайда болашағынан үміт күттіретін андердогқа бәс тігу – қызықты нұсқа.

Манел Капе – Асу Алмабаев жекпе-жегіне болжам: Алмабаевтың жеңісі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан