28.02.2025
«Барыс» тоғыз ойыннан кейін жеңіске жетті
Фото: «Барыс» хоккей командасы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 28 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында ресейлік клубтан Никита Михайлов 9-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін елордалық клубтан Кирилл Панюков 10, Роман Старченко 54-минутта екі шайба соғып кетті.
Ойынның 58-минутта ресейлік клубтан Александр Волков таразы басын теңестіріп кетті.
Негізгі кезең 2:2 еесбімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте елордалық клубтан Әділ Бекетаев жеңіс шайбасын соқты.
Осылайша «Барыс» тоғыз ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты.
Елордалық клуб бұдан кейін тағы бір кездесуін сырт айдында өткізіп, 2 наурызда «Трактор» (Челябі) командасымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан