01.03.2025
Странджа турнирі: Абылайхан Жүсіпов пен Фарух Тоқтасынов финалда кездеседі
Фото: olympic.kz
Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Странджа турнирінде бүгін, 1 наурызда ел құрамасынан 71 келі салмақта финалда кездесетін болды.
Аталған салмақта алдымен Абылайхан Жүсіпов италиялық Ронтани Гуидиді тізе бүктірді.
Ал Фарух Тоқтасыновтың қарсыласы косоволық Лорис Идризли жекпе-жектен бас тартты.
Осылайша Абылайхан Жүсіпов пен Фарух Тоқтасынов финалда кездесетін болды.
Ел құрамасынан Даниял Сәбит (51 келі), Ертуған Зейнуллинов (63.5 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі), Айбек Оралбай (92 келіден жоғары) финалға өтті.
Ал ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (57 келі) Странджа турнирінің қола жүлдесін қанағат тұтты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан