Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан U18 құрамасы бүгін Швейцариямен кездеседі

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан U18 құрамасы бүгін Швейцариямен кездеседі

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы IA дивизиондағы төртінші ойынын Швейцарияға қарсы өткізеді., деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 15:30-ға белгіленген.

Отандастарымыз элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы Мажарстан, Польша, Украина, Польша, Словения құрамаларымен сарапқа салып жатыр.

Қазірге дейін құрамалар бір мәрте кездескен еді. 2024 жылы отандастарымыз бұл қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Мажарстан құрамасынан 5:2, Польшадан 10:2, Украинадан 5:3 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ олар енді 24 сәуірде Словениямен шеберлік байқасады.

Ал Швейцария алғашқы үш турда Польшаны 6:1, Словенияны 10:2, Мажарстанды 5:1 есебімен тізе бүктірді.

Турнир 18-24 сәуір күндері Польшаның Крыница қаласында өтеді.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан