3 сағат бұрын
Бірінші лига: бүгін ІІІ тур ойындары басталады
Фото: Kffleague.kz
Бүгін футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің ІІІ туры басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл тур ойындары 23 және 24 сәуір күндері өткізіледі.
Биыл түркістандық «Тұран», қарағандылық «Шахтер» және Жамбыл облысының «Тараз» командалары Премьер-лигаға берілетін жолдамадан басты үміткерлер қатарында саналады.
23 сәуір
14:00. «Астана-Ж» - «Академия Оңтүстік» (Шымкент)
15:00. «Қайрат-Ж» (Алматы) - «Ақтөбе-Ж»
15:00. «Батыр» (Павлодар облысы) - «Каспий-Ж» (Ақтау)
15:00. «Арыс» (Түркістан облысы) - «Шахтер» (Қарағанды)
24 сәуір
15:00. «Тобыл-Ж» (Қостанай) - «Тұран» (Түркістан)
16:00. «Тараз» - «Елімай-Ж» (Семей)
18:00. «Хан тәңірі» (Алматы) - «Жайықі» (Орал)
Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан