27.04.2026
Футболдан Қазақстан чемпионатының 7-туры қалай өтті?
25-26 сәуір күндері Қазақстан Премьер-лигасының жетінші тур ойындары өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Қандай жайттар тіркелді?
⁃ 8 ойында 18 гол соғылды.
⁃ 32 сары қағаз көрсетіліп, 2 ойыншы алаңнан қуылды.
- Осы турдың ойындарын стадионнан 56 675 көрермен тамашалады.
- Ең көп 21 465 көрермен «Қайрат» – «Елімай» ойынына жиналды.
⁃ «Қайрат» клубы ғана 2 тур бойы мүлдем ескерту алмады.
⁃ Ең дөрекі ойын «Қызылжар» - «Ордабасы» матчында (5 сары қағаз, 1 қызыл қағаз) тіркелді.
⁃ 239 футболшы жасыл алаңда доп тепті. Оның ішінде негізгі құрамда 92 отандық ойыншы және қосалқы құрамнан 41 ойыншы алаңға шықты.
⁃ Негізгі құрамда ең көп отандық футболшыларды шығарған клуб — «Жетісу» (8 футболшы)
⁃ Негізгі құрамда ең аз отандық футболшыларды шығарған клуб — «Қызылжар» (3 футболшы)
⁃ «Қайрат», «Елімай», «Ордабасы» клубтары әзірше жеңіліссіз келеді.
⁃ «Каспий» клубы 4 ойын қатарынан жеңіліп келеді.
⁃ «Тобыл» биылғы маусымдағы бірінші жеңісін тойлады
Гол соққан мемлекет өкілдері:
Қазақстан – 10
Автогол – 2
Бразилия - 1
Сербия – 1
Финляндия - 1
Кот-Д’Ивуар – 1
Того - 1
Ресей - 1
Нәтижелер:
«Оқжетпес» – «Қайсар» – 1:1
Жанкүйерлер саны: 4150
«Алтай» – «Жеңіс» – 0:0
Жанкүйерлер саны: 500
«Қызылжар» – «Ордабасы» – 1:2
Жанкүйерлер саны: 6 000
«Ақтөбе» – «Ертіс» – 1:0
Жанкүйерлер саны: 12 400
«Жетісу» – «Ұлытау» – 2:0
Жанкүйерлер саны: 500
«Тобыл» – «Каспий» – 2:1
Жанкүйерлер саны: 2 500
«Қайрат» – «Елімай» – 2:2
Жанкүйерлер саны: 21 465
«Астана» – «Атырау» – 2:1
Жанкүйерлер саны: 9 160
Қазақстан Кубогы: 1/8 финалға барлық төрешілер тағайындалды
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов