Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

28.04.2026

Ұлттық құраманың экс-бас бапкері Магомед Адиев жаңа жұмыс тапты

Ұлттық құраманың экс-бас бапкері Магомед Адиев жаңа жұмыс тапты

48 жастағы ресейлік маман Магомед Адиев Беларусьтің «МЛ Витебск» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Адиевтің соңғы жұмыс орны Ресей Премьер-лигасындағы «Крылья Советов» клубы болды. Айта кетейік, БАҚ-та оның самаралық клубтан кеткеннен кейін «Ақтөбе» командасын басқаруы мүмкін екені де жазылған.

Сонымен қатар, Адиев Ресей Премьер-лигасында «Анжи» және «Ахмат» клубтарын, ал Қазақстанда қарағандылық «Шахтёр» мен ұлттық құраманы жаттықтырған.

«МЛ» командасы келесі матчын 29 сәуір, сәрсенбі күні өткізеді. Беларусь Кубогының жартылай финалының қарымта матчында олар Минскінің «Динамосымен» кездеседі. Алғашқы ойын 0:2 есебімен аяқталған.

«Қайрат» клубына келуі мүмкін бапкер Ресей командасынан қомақты ақша алады


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан