Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 сағат бұрын

Әлем чемпионы Оразбек Асылқұловқа пәтер берілді

Әлем чемпионы Оразбек Асылқұловқа пәтер берілді

Бүгін Көкшетау қаласындағы Kokshe Arena спорт кешенінде облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев боксшылар мен жаттықтырушылармен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz

Жиын барысында бокстан 2025 жылғы әлем чемпионы және Азия чемпионы Оразбек Асылқұловқа 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Сондай-ақ жеке бапкеріне 1 миллион теңге сыйақы берілді.

Ақмола облысы ұзақ жылдар бойы халықаралық аренада отандық бокстың мықты орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін дәлелдеп келеді.

"Өңірден шыққан алғашқы әлем чемпионы - Дина Жоламан (2016 жыл), Одан кейін 2021 жылы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Бүгін мен Асылқұлов Оразбекті ерекше құттықтағым келеді. 2025 жылы ол Дубайда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Осы жылы сәуір айының басында ғана Моңғолияда өткен сары құрлықтың додасында сенімді өнер көрсетіп, алтын медальді мойынына тақты.

Бұл нәтижелер Ақмола облысында бокс мектебі бар екенін, сабақтастық қалыптасқанын көрсетеді.

Біздің міндетіміз - жетістіктерді тіркеп қана қоймай, жүйелі түрде дамытуға атсалысу, жаттықтырушылар мектебін күшейту, жас спортшыларды қолдау және ұрпақтар сабақтастығын тұрақты түрде қамтамасыз ету.

Қорытындылай келе, Қазақстан бокс федерациясының атынан Ақмола облысының бокс құрама командасының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында командаға микроавтобусды сыйға тартамыз", - деді Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.

Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов ұзақ жылдар бойы 57 келіде өнер көрсетіп келіп еді. 2026 жылы ол түпкілікті 60 келіге ауысып, Азия чемпионатында үздік шыққан болатын.

«Жеңдім деп ойлағанмын»: әділетсіздікке тап болған Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шындықты айтты


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан