1 сағат бұрын
Хосеп Гвардиола: Чемпиондықтың тағдыры біздің қолда емес
«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола АПЛ-дің 35-туры аясында «Эвертонмен» (3:3) тең ойынынан кейін «Арсеналмен» чемпиондық жарыс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Чемпиондықтың тағдыры енді біздің қолымызда емес. Осы матчқа дейін ол біздің де, «Арсеналдың» да қолында болған еді. Бірақ қазір ол бізге тәуелді емес.
Алда Премьер-лигада төрт ойын бар. Келесі қарсыласымыз - «Брентфорд». Олардың бәрі шамалас әрі өте мықты. Не болатынын көреміз», — деді Гвардиола.
«Манчестер Сити» көш бастап тұрған «Арсеналдан» 5 ұпайға қалып келеді және бір ойын кем өткізген.
«Арсенал» мен «Атлетико» шешуші ойын өткізеді
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов