Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

«Қайсар» командасында Ферапоновты кім алмастыруы мүмкін? 

«Қайсар» командасында Ферапоновты кім алмастыруы мүмкін? 

Фото: «Жеңіс» футбол клубы

Елордалық «Жеңіс» командасының бұрынғы бас бапкері Андрей Демченко «Қайсар» командасын тізгіндеуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ол биыл павлодарлық «Ертіс» командасы бас бапкері болады жорамала айтылған еді. Дегенмен ол Әзербайжандағы келісімшарты біткеннен кейін ғана жаңа командаға ауыса алады. Ол мамыр айының соңында бітеді.

Андрей Демченко 1976 жылы Украинада дүниеге келген. Спорттық мансабында Ресейдің ЦСКА, Нидерландтың «Аякс», Украинаның «Металлург» (Запорожье), «Ильичевец», «Оболонь», «Гелиос», Молдованың «Дачия» клубтарында доп тепкен.

2011 жылдан бері бапкерлік қызметінде Украинаның «Имекс», «Металлург» (Запорожье), «Львов», «Металлист-1925», «Буковина», Грузияның «Дила», «Динамо» (Батуми) клубтарында еңбек етті.

Андрей Демченко былтыр елордалық «Жеңіс» командасы тізгінін ұстады. Ол грекиялық Акис Вавалисті алмастырған еді.

Содан бері «Жеңіс» 17 кездесудің 8-де жеңіске жетіп, 6-да тең нәтижеге қанағат білдірсе, 1-де қарсыласына есе жіберді.

Қазір қызылордалық клуб турнир кестесінде небәрі 6 ұпаймен 15-орында келеді. Команданың бас бапкері қызметін Андрей Ферапонотов атқарады.
















Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан