Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

«Қайсардың» бас бапкері қызметіне үміткер тағы біреуге артты

«Қайсардың» бас бапкері қызметіне үміткер тағы біреуге артты

Фото: KazFootball.kz.

Болгариялық 57 жастағы маман Стамен Бельчев Қызылорданың «Қайсар» командасының бас бапкері қызметіне келуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.

Стамен Бельчев Болгарияның ЦСКА (София) командасындағы жұмысының арқасында ең танымал болды. Ол бапкерлік қызметінде Болгария чемпионатының күмісін алып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты

Тәжірибелі маман 2019-2020 жылдары өз елінің «Арда» командасын басқарды. Тарихта тұңғыш рет клубты Болгарияның бірінші лигасына шығарды.

Маманның соңғы клубы «Септември» болды, ол оны 2025 жылдан жаңа маусым басталғанға дейін басқарды. 2025 жылдың қазан айында клубтың чемпионаттағы төменгі нәтижесіне байланысты өз еркімен қызметінен кетті. Әр жылдары ол «Хасково», «Любиме» және «Литекс» командаларының қосалқы құрамын жаттықтырды.

«Қайсар» биылғы маусымды нашар бастады, КПЛ-да жеңіске жете алмай келеді және команда бүгін Қазақстан кубогынан ұшып шыққан жағдайда бас бапкер Андрей Ферапонтов өз қызметінен кетеді деген ақпарат шықты.

Айта кетсек, бұдан бұрын қызылордалық клуб тізгінін болгариялық тағы бір маман Николай Костов ұстайды деген ақпарат шыққан еді.

Сондай-ақ «Қайсар» командасына украиналық Андрей Демченко келеді деген ақпарат шықты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан