6 сағат бұрын
«Қайсар» бас бапкерге қатысты мәлімдеме жасады
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Қызылордалық «Қайсар» командасы бас бапкер қызметіне үміткерлер жайында тараған ақпараттардың шындыққа сай келмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Республикалық спорт порталдарында бас бапкерге қатысты тараған ақпараттардың негізсіз екенін хабарлаймыз. «Қайсар» футбол клубы қазіргі таңда ешбір бапкермен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Клубтың ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.
Бүгін қызылордалық клуб Қазақстан кубогы 1/8 финалында өз алаңында Қостанайдың «Тобылын» қабылдайды.
Команда ел біріншілігінде сәтсіз ойнап келеді. Турни кестесінде 6 ұпаймен 15-орында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан