4 сағат бұрын
Астанада Қазақстан бокс федерациясының конференциясы өтті
Фото: Қазақстан ҰОК
Астанада Қазақстан бокс федерациясының 2025-2026 жылдардағы жұмыс қорытындылары шығарылып, алдағы олимпиадалық циклдегі негізгі міндеттер айқындалған жыл сайынғы конференция өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ресми жиынға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы, ҚБФ вице-президенті Әлімжан Ақаев қатысты.
Конференция барысында Әлімжан Ақаев ұйымның халықаралық қызметіне арналған баяндама жасады. ҚБФ вице-президенті Қазақстанның World Boxing ұйымындағы ұстанымын нығайту және отандық мамандардың Asian Boxing комиссияларындағы өкілдігін кеңейту мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ ұлттық құрамаларды 2026 жылы Нагояда (Жапония) өтетін Азия ойындарына және 2026 жылы Дакарда (Сенегал) ұйымдастырылатын жасөспірімдер Олимпиадасына дайындау жұмыстары сөз болды. Бұдан бөлек, Халықаралық Олимпиадалық комитеті бекіткен 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеу жүйесіне назар аударылды. 2027 жылдың сәуір айында Астанада олимпиадалық іріктеудің алғашқы кезеңі саналатын әлем чемпионаты өтеді. Спикер халықаралық жарыстарда спорттық этика талаптарын сақтау мен төрешілік жүйесіне цифрлық технологияларды енгізудің маңызын да атап өтті.
Әлімжан Ақаев марапаттау рәсіміне де қатысты. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті атынан өңірлік федерацияларға боксты дамытуға және олимпиадалық құндылықтарды насихаттауға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар еңбек сіңірген жаттықтырушы Тұрсынғали Еділов «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Олимпиада қозғалысының қайраткері» атты I дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды.
Конференция соңында Қазақстан бокс федерациясы халықаралық аренадағы позицияны нығайту және негізгі жарыстарға дайындықты қоса қамтитын қазіргі олимпиадалық циклдің стратегиялық міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыруды жалғастыратыны атап өтілді.
Еске салсақ,бұдан бұрын бокстан Қазақстан ерлер құрамасы әлем кубогына дайындығын бастады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан