2 сағат бұрын
«Тобыл» сапынан албаниялық шабуылшы кетті
Фото: «Тобыл» футбол клубы
Шабуылшы Рубин Хебай тараптардың өзара келісімі бойынша қостанайлық «Тобыл» клубынан кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- «Тобыл» футбол клубының ұжымы Рубинге атқарған жұмысы үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабында сәттілік тілейді, - деп жазылған хабарламада.
Рубин Хебай команда құрамына биыл қосылған еді.
Хебайдың футбол жолы «Вллазния» клубының жүйесінде басталды, ол U-15 командасында өнер көрсетті. Кейін шабуылшы «Домжале», «Партизани», «Шкендия», «Аль-Ороба» және басқа да клубтардың намысын қорғады. «Тобылға» ауысар алдында Рубин Өзбекстанның «Согдаиана» командасында ойнады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» алғаш рет жеңілді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан