Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Forbes Криштиану Роналдуға қатысты қызықты шешім шығарды 

Forbes Криштиану Роналдуға қатысты қызықты шешім шығарды 

thenews.com.pk

Сауд Арабиясының «Аль-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшы болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жаңартылған рейтинг журналдың ресми сайтында жарияланған.

Өткен жылы португалдық шамамен 300 миллион доллар тапты. Бұл - Forbes рейтингінің бүкіл тарихындағы рекордтық сома. Екінші орынды 170 миллион доллар табысы бар мексикалық боксшы Сауль Альварес иеленді. Ал үшінші орынға 140 миллион табыс тапқан «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси табан тіреді.

41 жастағы Роналду - тарихтағы ең танымал футболшылардың бірі. Оның еншісінде Чемпиондар лигасында бес жеңіс, Еуропа чемпионы атағы және Португалия құрамасы сапында Ұлттар лигасында алған екі кубогы бар. Ол сондай-ақ ұлттық құрамалар, Чемпиондар лигасы, Еуропа чемпионаттары және Клубтық әлем чемпионаттары үшін ең көп гол соғу рекордын иеленген.

2022 жылдың аяғынан бастап Роналду «Аль-Наср» сапында ойын көрсетеді. Ол бұған дейін «Спортинг» (Португалия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Реал Мадрид» (Испания) және «Ювентус» (Италия) жейдесін киген.

Еске салсақ, бұдан бұрын Роналду «Әл-Насрдағы» алғашқы чемпиондық кубогын көтерді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан