5 сағат бұрын
Қазақстан U17 құрамасының алдағы екі кездесуінде кімдер ойнайды?
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы маусым айында Әзербайжан құрамасына қарсы екі халықаралық жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Команданың оқу-жаттығу жиыны 2 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында басталады. Қос кездесу де Әзербайжанның Габала қаласында өтеді. Алғашқы жолдастық матч 6 маусымға жоспарланса, екінші кездесу 9 маусымда өтеді.
Қазақ құрамасының тізімі:
Қақпашылар: Абай Заманбек, Мирдиер Мирахматов (екеуі -Академия КФФ), Матвей Ковальчук («Қайрат»), Байжан Асхат («Шахтер»);
Қорғаушылар: Ислам Рашидов, Әлихан Әбді, Ильдар Датхабаев, Георгий Гречка (барлығы - «Қайрат»), Михаил Турищев, Данияр Қаси, Никита Лисохмар (барлығы - Академия КФФ), Абылай Тоқтасын («Шахтер»), Джамиль Калмаханбек («Ордабасы»);
Жартылай қорғаушылар: Әли Садырбаев, Тимур Казанцев (барлығы - «Шахтер»), Әлихан Ахилбаев, Нұрәли Салимов, Әлижан Зару, Нұрхад Нұрымов, Темирлан Әбжапар (барлығы - «Кайрат»), Асхат Дутпаев, Сұлтан Дәуренов (екеуі - Академия КФФ), Рахман Аман («Ордабасы»), Салим Хасанов («Вильярреал», Испания);
Шабуылшылар: Роман Черноморец, Тамерлан Сарсымбаев (екеуі - «Қайрат»), Әнуар Төленді, Бекасыл Қанат (екеуі - Академия КФФ), Алмат Сапархан («Ордабасы»).
Еске салсақ, бұдан бұрын Талғат Байсуфинов Армения және Мажарстанға қарсы Қазақстан құрамасын жариялады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан