Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Ақтауда «Арсеналдың» чемпиондығын тойлаған жанкүйерлер айыппұл арқалады

Ақтауда  «Арсеналдың» чемпиондығын тойлаған жанкүйерлер айыппұл арқалады

Лондондық «Арсенал» жанкүйерлері Ақтауда сүйікті клубының чемпиондығын кең көлемде атап өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Алайда бұл мерекелік шара жергілікті полицияның назарын аудартты.

Футбол жанкүйерлері қала ішінде әйгілі қызыл екі қабатты автобуста шеру ұйымдастырған. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда жанкүйерлердің Премьер-лигадағы жеңісті айқайлап, ән айтып, музыка қосып тойлап жүргені көрінеді. Кейін олардың бір бөлігі қала жағалауына жиналған.

Алайда бұл «британдық стильдегі» мерекені Маңғыстау облысы полиция департаменті құптамады. Құқық қорғау органдары автобус жүргізушісін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Енді футбол жанкүйерлерінің қуанышы жүргізушіге 5 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкелді. Бұл шамамен 21 625 теңгені құрайды.

Айта кетейік, Лондондық «Арсенал» клубы соңғы 22 жылда алғаш рет Англия чемпионы атанған болатын.

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы қашан ашылады?


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан