5 сағат бұрын
ҚПЛ: «Астана» сырт алаңда «Алтаймен» тең түсті
Фото: «Астана» футбол клубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасында ХІІ турында елордалық «Астана» сырт алаңда Өскеменнің «Алтайымен» тең түсті, деп хаабрлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында елордалық клубтан Рамазан Кәрімов есеп ашқан еді. Оған 67-минутта «Алтай» сапынан Дмитрий Шмидт бір голмен жауап қайырды.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Бұл ойыннан кейін «Астана» 19 ұпаймен төртінші орынға тұрақтаса, «Алтай» 9 ұпаймен он үшінші орынға табан тіреді.
Дәл қазір 18:00-де «Ертіс» (Павлодар) - «Ұлытау» (Жезқазған) кездесуі өтіп жатыр.
Ал 28 мамырда 15:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Ақтөбе»,
16:00-де «Қызылжар» (Петропавл) - «Жетісу» (Талдықорған), 18:00-де «Атырау» - «Тобыл» (Қостанай) ойнайды.
Ал 19:00-де «Жеңіс» (Астана) - «Каспий» (Ақтау), «Қайсар» (Қызылорда) - «Елімай» (Семей) жасыл алаңға шықса, бұл турды 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) - «Қайрат» (Алматы) түйіндейді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан