2 сағат бұрын
Владимир Маркелов «Арланда» қызметін жалғастырады
Pro Hokei Ligasy
Көкшетаудың «Арлан» клубының бас бапкері қызметінде Владимир Маркелов қалатын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Өткен маусымда көкшетаулық клуб тұрақты чемпионатта төртінші орынға ие болды. Ал плей-офф бірінші раундта жеңіліске ұшырады.
Тәжірибелі маман бас бапкер ретінде соңғы екі жыл ішінде команданы басқарды. Оған Дмитрий Маркелов көмектеседі.
Айта кетсек, «Арлан» Қазақстан чемпионаты бас жүлдесін 2017/2018, 2023/2024 және 2024/2025 маусымда үш мәрте жеңіп алды.
2025/2026 маусымында көкшетаулықтар плей-оффтың бірінші сатысында Петропавлдың «Құлагерінен» бес матчқа созылған серияда бір мәрте ғана жеңіске жетті.
Сәуір айында «Арланның» жаңа бас бапкері Петерис Скудра болатыны хабарланды. Алайда бірнеше аптадан кейін латвиялық маман Көкшетауда жұмыс істемейтіні белгілі болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыстың» 23 ойыншысы клубтан ресми түрде кетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан