Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

01.06.2026

Алдияр Рамазанов көркем жүзуден әлем кубогында қола алды

Алдияр Рамазанов көркем жүзуден әлем кубогында қола алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Испанияның Понтеведра қаласында көркем жүзуден әлем кубогының 4-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұлттық құрама спортшысы Алдияр Рамазанов ерлер арасындағы техникалық бағдарламаның жекелей сынында қола медаль жеңіп алды.

Жүлдегерлер:

​1. Филиппо Пелати (Италия) – 229,7325 балл

​2. Энеко Санчес Агилар (Испания) – 228,4342 балл

​3. Алдияр Рамазанов (Қазақстан) – 223,0833 балл

Еліміздің тағы бір өкілі Виктор Друзин осы сында 203,5667 балл нәтижесімен 4-орыннан көрінді.

Айта кетейік, осыған дейін аралас жұптық сынның техникалық бағдарламасында Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл жарысқа 29 мемлекеттен 208 спортшы жиналды. Ел намысын барлығы 22 отандасымыз қорғап жатыр. Әлем кубогы 31 мамырда мәресіне жетеді.

Еске салсақ, Астана таеквондодан әлем чемпионатына дайындығын бастады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан