Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Астана таеквондодан әлем чемпионатына дайындығын бастады

Астана таеквондодан әлем чемпионатына дайындығын бастады

Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

Астанада Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) өкілдері жұмыс сапарымен болып, алдағы ірі әлемдік жарыстарға дайындық барысын пысықтады, деп хаабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан таеквондо федерациясы мәлім етті.

Сапардың негізгі мақсаты — 2026 жылы өтетін Grand Prix Final Astana турнирі мен 2027 жылғы ересектер арасындағы таеквондодан Әлем чемпионатын ұйымдастыру жұмыстарының барысымен танысу болды.

Халықаралық делегация елордадағы жарыстар өтетін спорт нысандарын аралап, инфрақұрылымның дайындығын бағалады. Сондай-ақ тараптар жарыстарды өткізуге қатысты техникалық, ұйымдастырушылық және логистикалық мәселелерді талқылады.

Дүниежүзілік таеквондо федерациясының делегациясы құрамында Олимпиада ойындары мен World Taekwondo ұйымдастыратын ірі жарыстардың техникалық делегаты Мохамед Шаабан, спорт және іс-шараларды басқару департаментінің директоры Кисам Ким және федерацияның техникалық әрі IT-директоры Томас Боссер болды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстандық гимнастшылар Азия чемпионатына дайындығын бастады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан