Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

02.06.2026

 «Атырау» футбол клубы өзінің орналасқан жерін өзгертуі мүмкін

 «Атырау» футбол клубы өзінің орналасқан жерін өзгертуі мүмкін

Фото: KazFootball.kz

Қазір Түркістанда қоныстанған «Атырау» футбол клубы өзінің орналасқан жерін өзгертуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.

- Менің ақпаратым бойынша, Түркістандағы жаттығу базасын жалға алу мерзімінің аяқталуына байланысты клуб басшылығы команданың Қызылордаға көшу нұсқасын қарастыруда.

Бұл ретте орналасу орнының өзгеруі өз алаңындағы ойындарын өткізуге әсер етпейді. "Мұнайшылар" әлі де Түркістанда қарсыласын қабылдауды жоспарлап отыр. Онда команда осы маусымда өздерінің ресми кездесулерін өткізеді.

Көшу мәселесі бойынша түпкілікті шешім жақын арада қабылдануы мүмкін, - деп жазылған хабарламада.

Биыл «Атырау» өз стадионының доп додасына дайын болмауына байланысты биыл Түркістанда ойнауға мәжбүр болды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Атырау» футбол клубының стадионына бөлінген қаражат көпшілікті таңғалдырды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан