02.06.2026
«Ордабасының» 7 ойынында аншлаг болды
Фото: «Ордабасы футбол клубы
Шымкенттік «Ордабасы» командасының қатысуымен ҚПЛ-дегі қатарынан 7 ойында аншлаг болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Соңғы жеті ойында Қажымұқан стадионына 114 605 көрермен келді.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Стадионға келіп, командамызға қолдау көрсетіп жүрген әрқайсыңызға мың алғыс, - деп жазылған хабарламада.
Ордабасы – Қайрат – 16 882
Ордабасы – Ертіс – 16 800
Ордабасы – Ақтөбе – 16 786
Ордабасы – Атырау – 16 723
Ордабасы – Қайсар – 16 692
Ордабасы – Оқжетпес – 16 547
Ордабасы – Жетісу – 14 175.
Қазақстан Премьер-лигасында «Ордабасы» 28 ұпаймен көш бастап келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» клубының бас бапкері төрешілікке қатысты сөз қозғады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан