Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

02.06.2026

ҚФФ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен меморандумға қол қойды

ҚФФ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен меморандумға қол қойды

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Құжат ерікті қан донорлығы мәдениетін дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Меморандум аясында тараптар донорлыққа қатысты іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру, бастамаларды ақпараттық тұрғыдан қолдау және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу бағытында жұмыс жүргізеді.

ҚФФ атынан меморандумға қол қоюға Бас хатшының міндетін атқарушы Александр Кеплин қатысты. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығын басқарма төрайымы Сания Әбдірахманова таныстырды.

Ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан футбол федерациясы өз ақпараттық ресурстары арқылы ерікті донорлық қозғалысты және салауатты өмір салтын насихаттауға атсалысады. Ал Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы донорларға сапалы қызмет көрсетіп, іс-шараларға қатысушыларға қажетті қолдау көрсетуді және өз алаңдарында ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар тараптар ерікті қан донорлығының маңызы мен салауатты өмір салты туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған ортақ ақпараттық-білім беру алаңын дамытуға ниетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Елордалық «Астана» командасының UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан