02.06.2026
Астанада «Балдәурен» республикалық футбол турнирі өтеді
Фото: ҚФФ
Астанада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балдәурен» республикалық футбол турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
2-4 сынып оқушылары арасындағы тартысты бәсеке елорда төрінде 2026 жылғы 4 маусымға дейін созылады. Жарысқа үш негізгі санат бойынша бөлінген 10 команда қатысады:
Ұлдар (4-сынып): Қарағанды қаласы, Маңғыстау облысы, Астана қаласы, Алматы қаласы
Қыздар (4-сынып): Қарағанды қаласы, Маңғыстау облысы, Алматы қаласы
Аралас командалар: (2-3 сыныптар): Астана қаласы, Алматы қаласы, Жамбыл облысы.
Еске салсақ, бұдан бұрын ҚФФ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен меморандумға қол қойды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан