Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

  Футболдан ӘЧ-2026: А тобының әлеуеті қандай?

    Футболдан ӘЧ-2026: А тобының әлеуеті қандай?

Фото: ria.ru

Биылғы жылдың 11 маусым және 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канада мемлекеттерінде футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты өтеді. Онда алғаш рет 48 құрама сынға түседі. Ұлттық құрамалар 12 топқа бөлінген. Sport12.kz бүгіннен бастап әрбір топтағы құрамалар жайында ақпараттар беріп отырады. Біз бүгін А тобындағы құрамаларға тоқталатын боламыз.

А тобы: Мексика, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, Чехия

Мексика (FIFA рейтингінде – 15 орын)

Солтүстік Американың тәжірибелі құрамасының бірі – Мексика биыл әлем чемпионатына он сегізінші мәрте қатысады. Оның ішінде дүбірлі додада олар тоғызыншы мәрте үзіліссіз бақ сынайды. Олардың жоғары жетістігі ретінде 1970, 1980 жылдарды 1/8 финалына дейін жеткенін айтуға болады. Мексика құрамасы сапындағы ойыншылардың дені өз еліндегі командалар намысын қорғайды. Сондай-ақ Еуропаның Дания, Ресей, Англия, Грекия мемлекеттерінде бақ сынап жүргендер бар. Айта кетсек, Мексика әлем чемпионатын өткізетін қожайын елдердің бірі ретінде іріктеу кезеңіне қатысқан жоқ.

Құраманың бас бапкері міндетін 2024 жылдан бері мексикалық Хавьер Агирре атқарады.

Фото: Sports.ru

Мексика құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Рауль Ранхель («Гвадалахара»), Карлос Асеведо («Сантос Лагуна»), Гильермо Очоа (АЕЛ Лимассол).

Қорғаушылар: Исраэль Рейес («Америка»), Хесус Гальярдо («Толука»), Хорхе Санчес (ПАОК), Сесар Монтес («Локомотив»), Хоан Васкес («Дженоа»), Матео Чавес (ПСВ).

Жартылай қорғаушылар: Эрик Лира («Крус Асуль»), Луис Ромо, Брайан Гутьеррес (екеуі – «Гвадалахара»), Обед Варгас («Атлетико Мадрид»), Орбелин Пинеда (АЕК Афины), Эдсон Альварес («Фенербахче»), Хильберто Мора («Тихуана»), Сесар Уэрта («Андерлехт»), Альваро Фидальго («Бетис»), Луис Чавес («Динамо» Мәскеу).

Шабуылшылар: Роберто Альварадо, Армандо Гонсалес (екеуі – «Гвадалахара»), Алексис Вега («Толука»), Хулиан Киньонес («Аль-Кадсия»), Сантьяго Хименес («Милан»), Гильермо Мартинес («Пумас»), («Чивас»), Рауль Хименес («Фулхэм»).

Оңтүстік Африка (FIFA рейтингінде – 60 орын)

Оңтүстік Африка құрамасы Африка құрлығындағы алдыңғы орындардан көрініп келеді. Дегенмен олар әлем чемпионатына биыл небәрі төртінші мәрте қатысады. Бұған дейін олар 1998, 2002, 2010 жылдары ойнаған еді. Әзірге топтық кезеңнен әріге аса алған емес. Футболшылар негізінен өз еліндегі командаларда ойнап жүр. Сондай-ақ Израиль, Португалия, Египет, АҚШ елдерінде ойнап жүргендер бар.

Оңтүстік Африка құрамасы іріктеу кезеңінде С тобында сынға түсті. Олар Нигерия, Бенин, Лесото, Руанда және Зимбабве құрамаларын арта қалдырып, өз тобында бірінші орынмен әлем чемпионаты финалдық кезеңіне тікелей жолдама алды.

2021 жылдан бері бас бапкер міндеті бельгиялық маман Хуто Бросқа жүктелген. 1988 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысып келе жатқан маман Бельгия, Грекия, Түркия, БАӘ, Алжир, Камерун елдерінде еңбек етті.

Фото: soccer.ru

Оңтүстік Африка құрамасының тізімі

Қақпашылар: Ронуэн Уильямс («Мамелоди Сандаунс»), Рикардо Госс («Сивелеле»), Сифо Шэйн («Орландо Пайрэтс»).

Қорғаушылар: Кхулисо Мудау («Мамелоди Сандаунс»), Олвету Маханя («Филадельфия»), Брэдли Кросс («Кайзер Чифс»), Табанг Матулуди («Полокване Сити»), Нкосинати Сибиси («Орландо Пайрэтс»), Обрей Модиба («Мамелоди Сандаунс»), Мбекезели Мбокази («Чикаго»), Име Окон («Ганновер»), Самукеле Кабини («Мольде»), Камохело Себелебеле («Орландо Пайрэтс»), Хулумани Ндамане («Мамелоди Сандаунс»).

Жартылай қорғаушылар: Тебохо Мокуна («Мамелоди Сандаунс»), Джейден Адамс («Мамелоди Сандаунс»), Таленте Мбата («Орландо Пайрэтс»), Яя Ситоле («Тондела»).

Шабуылшылар: Освин Апполлис («Орландо Пайрэтс»), Тшепанг Мореми («Орландо Пайрэтс»), Эвиденс Макгопа («Орландо Пайрэтс»), Лайл Фостер («Бернли»), Икраам Райнерс («Мамелоди Сандаунс»), Релебохиле Мофокенг («Орландо Пайрэтс»), Темба Зване («Мамелоди Сандаунс»), Тапело Масеко (АЕЛ).

Оңтүстік Корея (FIFA рейтингінде – 60 орын)

Оңтүстік Корея әлем чемпионатына алғаш рет 1954 жылы қатысса, одан соң 1986 жылға дейін беделді бәсекеге жолы түскен жоқ. Содан бері бірде-бір мәрте әлем чемпионатынан тыс қалған емес. 2002 жылы Жапония мен Оңтүстік Кореяда өткен айтулы аламанда жартылай финалға дейін жетті. Жартылай финалда Германияға 0:1 есебімен жеңілген олар 3-орын үшін ойында Түркиядан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Бұл – әзірге құрама тарихындағы ең жоғары жетістік.

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Азия құрлығы бойынша С тобында сынға түскен олар Қытай, Иаиланд пен Сингапурды артта қалдырып, өз тобында бірінші орын алды. Нәтижесінде бірден әлем чемпионаты финалдық кезеңіне жолдаманы қалтаға басты.

Бас бапкер міндеті сол елдің өкілі Хон Мён Боға жүктелген. 1992-2004 жылдары өз кәсіби деңгейде футбол ойнаған ол 2005 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысады. Алғашқы жылдары ұлттық құрамада бас бапкердің көмекшісі ретінде танылған ол Қытай, Оңтүстік Кореяның клубтарында еңбек етті. 2024 жылдан бері ол ұлттық құрамаға басшылық жасап келеді.

Фото: sportrbc.ru

Оңтүстік Корея құрамасының тізімі

Қақпашылар: Чжо Хен У («Ульсан»), Ким Сын Гю («Токио»), Сон Бом Гын («Чонбук Хендай Моторс»).

Қорғаушылар: Ким Мин Чжэ («Бавария»), Чо Ю Мин («Аль-Шарджа»), Ли Хан Бом («Мидтьюлланд»), Ким Тхэ Хен («Касима Антлерс»), Пак Джин Сеоб («Чжэцзян»), Ли Ки Хек («Канвон»), Ли Тэ Сок («Аустрия» Вена), Соль Ен У («Црвена Звезда»), Йенс Кастроп («Боруссия» Менхенгладбах), Ким Мун Хван (« Тэчжон Ситизен»).

Жартылай қорғаушылар: Ян Хен Чжун («Селтик»), Пайк Сын Хо («Бирмингем»), Хван Ин Бом («Фейеноорд»), Ким Чжин Гю («Чонбук Хендай Моторс»), Пэ Чжу Хо («Сток Сити»), Ом Чжи Сун («Суонси»), Хван Хи Чхан («Вулверхэмптон»), Ли Дон Ген («Ульсан»), Ли Чжэ Сон («Майнц»), Ли Кан Ин («ПСЖ»).

Шабуылшылар: О Хен Гю («Бешикташ»), Сон Хын Мин («Лос-Анджелес»), Чжо Гю Сон («Мидтьюлланд»).

Чехия (FIFA рейтингінде – 41 орын)

Чехия құрамасы өзінің тарихында небәрі екінші мәрте әлем чемпионатына барғалы отыр. Олар бұдан бұрын 2006 жылы беделді бәсекде бақ сынаған еді. Ол жолы топтық кезеңнен аса алған жоқ. Оған дейін бұл елдің футболшылары Чехословакияның құрамында сегіз мәрте дүбірлі дода көрігін қыздырып қайтты. Олар 1934 және 1962 жылдары финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Бұл елдің футболшылары қазір өз елінде және Еуропаның беделді клубтарында бақ сынап жүр.

Чехия құрамасы іріктеу кезеңінде L тобында Хорватия, Фарер аралдары, Черногория, Гибралтармен ойнап, өз тобында екінші орын алды. Нәтижесінде плей-офф сатысында D жолымен алдымен Ирландияны (2:2, пенальтиден 4:3) қапы қалдырса, финалда Данияны (2:2, пенальтиден 3:1) жеңді.

Ұлттық құрамада бас бапкер міндеті чехиялық Мирослав Коубекке жүктелген. 75-жастағы маман 2025 жылдан бері құрама тізгінін ұстады.

Фото: Sports.ru

Чехия құрамасының тізімі

Қақпашылар: Лукаш Горничек («Брага»), Матей Коварж (ПСВ), Индржих Станек («Славия»).

Қорғаушылар: Владимир Цоуфал («Хоффенхайм»), Давид Доудера («Славия»), Томаш Голеш («Славия»), Робин Гранач («Хоффенхайм»), Штепан Халоупек («Славия»), Давид Юрасек («Славия»), Ладислав Крейчи («Вулверхэмптон»), Ярослав Зелены («Спарта»), Давид Зима («Славия»).

Жартылай қорғаушылар: Лукаш Черв («Виктория»), Владимир Дарида («Градец-Кралове»), Лукаш Провод («Славия»), Михал Садилек («Славия»), Хьюго Сохурек («Спарта»), Александр Сойка («Виктория»), Томаш Соучек («Вест Хэм»), Павел Шульц («Олимпик»), Денис Вишински («Виктория»).

Шабуылшылар: Адам Гложек («Хоффенхайм»), Томаш Хоры («Славия»), Моймир Хитил («Славия»), Ян Кухта («Спарта»), Патрик Шик («Байер»).

Ойындар күнтізбесі

12 маусым

00:00. Мексика – Оңтүстік Африка (Мехико, «Ацтека» стадионы)

07:00. Оңтүстік Корея – Чехия (Сапопан, «Акрон» стадионы)

18 маусым

Чехия – Оңтүстік Африка (Атланта, «Мерседес-Бенц Стэдиум» стадионы)

19 маусым

06:00. Мексика – Оңтүстік Корея (Сапопан, Стадион «Акрон» стадионы)

25 маусым

06:00. Группа A. Мексика – Чехия (Мехико, Стадион «Ацтека» стадионы)

06:00. Группа A. Оңтүстік Африка – Оңтүстік Корея (Гуадалупе, ББВА стадионы).

Еске салсақ, бұдан бұрын ФИФА әлем чемпионаты алдында жаңа ережелерді бекітті.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан