2 сағат бұрын
Қазақстан құрамасының ойыншысы «Шахтёр» сапына қосылды
Фото: «Шахтёр» футбол клубы
«Шахтёр» футбол клубы жаңа буынның жақсы танымал қазақстандық қорғаушыларының бірі – Лев Скворцовты қатарына қосты, деп хабарлайды Sport12.kz
Ол қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс: барлық жас деңгейіндегі ұлттық құрамалардан бастап, Қазақстанның негізгі құрамасына дейін жетіп, ел намысын 8 матчта қорғады.
Клубтық мансабында Скворцов «Астана», «Атырау», «Туран», Ресейдің «Химки» және «Шинник» командаларында ойнап, «Актобе» сапында өнер көрсетті, ал соңғы клубы түркиялық «Serik Spor» болды.
Әмбебап қорғаушы бірнеше позицияда ойнай алады, жылдамдығы және заманауи ойын стилімен ерекшеленеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» кипрлік қорғаушыға ұсыныс жасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан