Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

03.06.2026

Тимур Қасымов: «Португалиямен тең түсу – тарихи нәтиже»

Тимур Қасымов: «Португалиямен тең түсу – тарихи нәтиже»

Фото: ҚФФ

Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері Тимур Қасымов Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Португалиямен өткен тең ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

– Көңіл-күйіміз өте көтеріңкі, оның үстіне бұл нәтижені біздің жас буын үшін тарихи жетістік деп есептеймін. Әлем чемпиондарынан ұпай тартып алу екі есе жағымды. Қазір біз дамудың дұрыс жолында тұрмыз деп ойлаймын.

Енді өткен ойынды жақсылап талдап, қалған екі кездесуге дайындалу керек. Мүмкін кейбір тұстарды түзеп, жаңа әдістер қосып, алға жылжимыз. Бүгін қуанатын сәт, ал ертеңнен бастап қалған матчтарға барынша жинақталып, дайындықты бастаймыз. Қай деңгейде өнер көрсетіп жатқанымызды және қарсыластардың қауқарын жақсы түсінеміз. Топтағы үш қарсыласымыз да өте мықты ұжымдар. Сондықтан әр нәрсеге мұқият қарауға тырысамыз.

Біздің басты күшіміз – бірлік пен халықтың қайсар рухында. Бұл біздің қанымызда бар қасиет, - деді ол.

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчын сәтті өткізіп, А лигасының 6-тобында нағыз сенсация жасады.

Алғашқы кездесуде Қазақстан құрамасы Португалия ұжымынан ұпай тартып алды. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі келесі матчтарын жақын арада өткізеді. Біздің жігіттер 6 маусымда Сербиядағы құрдастарымен шеберлік байқасса, 9 маусымда шағын турнирді іріктеу қожайындары – Грекия құрамасына қарсы ойынмен аяқтайды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан