03.06.2026
Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Азат Нұрғалиевтің әкесі дүниеден өтті
Фото: kazfootball.kz
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы, «Оңтүстік» футбол академиясының бапкері Азат Нұрғалиевтің әкесі Мәлік Нұрғалиевтің дүниеден өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
Осыған байланысты отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Адам өміріндегі ең ауыр сынақтың бірі – асқар тау әкеден айырылу. Осы ауыр сәтте марқұмның отбасы мен жақындарына сабыр тілейміз. Тағдырдың ісіне бекем болғайсыздар. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы жолдас болсын! Орны толмас ауыр қазаның арты тек жақсылыққа ұлассын, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын павлодарлық «Ертіс» футбол клубы Даниил Робертович Рихардтың негізгі команданың қақпашылар жаттықтырушысы қызметіне тағайындалғанын ресми түрде мәлім етті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан