03.06.2026
«Атырау» ресми түрде жекеменшікке өтті
Фото: «Атырау» футбол клубы
Бүгін «Атырау» футбол клубының жекеменшік басқаруға толық өтуіне байланысты арнайы жиын өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Жиын барысында клуб президенті Болат Қайроллаұлы Қонарбай алдағы жоспарлармен бөлісіп, клубтың даму бағыттарын таныстырды. Атап айтқанда, балалар футболын дамыту, жаңа академия салу, инфрақұрылымды жаңарту және команданы толыққанды түрде Атырауға қайтару мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар Айбек Бауыржанұлы Тілеужанов «Атырау» футбол клубының директоры қызметіне ресми түрде таныстырылды.
Айта кетсек, қазір Түркістанда қоныстанған «Атырау» футбол клубы өзінің орналасқан жерін өзгертуі мүмкін
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан