Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақстан чемпионы «Шахтёр» сапына қосылды

Қазақстан чемпионы «Шахтёр» сапына қосылды

Фото: «Шахтёр» футбол клубы

Қазақстандық жартылай қорғаушы Андрей Ульшин «Шахтёр» футбол клубының қатарына қосылды. Тараптар 2,5 жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Андрей – «Қайрат» футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабында «Қайрат», «Қызылжар» және «Жеңіс» клубтарының намысын қорғап, Қазақстан Премьер-лигасында мол тәжірибе жинады. «Қайрат» сапында Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларында өнер көрсетті.

Біздің клуб ойыншыны елордалық «Жеңіс» клубынан трансфер арқылы қатарға қосты. Биылғы маусымда Андрей «Жеңіс» сапында төрт матчқа қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас авторы атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Шахтёр» футбол клубы жаңа буынның жақсы танымал қазақстандық қорғаушыларының бірі – Лев Скворцовты қатарына қосты.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан