2 сағат бұрын
«Ордабасы» румыниялық футболшыны қатарында қалдырды
Фото: sports.kz
Шымкенттік «Ордабасы» румындық жартылай қорғаушы Михай Капацинамен келісімшартты ұзарту туралы уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
- Менің ақпаратым бойынша, тараптар жаңа келісімшартты тағы бір жыл мерзімге келісті. 30 жастағы футболшының алдыңғы келісімі осы айда аяқталды, бірақ клуб команда жетекшілерінің бірін сақтап қалды. Осы маусымда Капацина "Ордабасы" сапында барлық турнирлерде 12 матч өткізіп, бір голмен марапатталды, - деп жазылған хабарламада.
«Ордабасы» қазір ел біріншілігінде 28 ұпаймен көш бастап келеді. Олардан алматылық «Қайраттың» екі ұпайы кем және бір ойыны артық.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» кипрлік қорғаушыға ұсыныс жасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан