Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Армения футбол құрамасы Қазақстанға қарсы құрамын жариялады

Армения футбол құрамасы Қазақстанға қарсы құрамын жариялады

Фото: ҚФФ

Футболдан Армения құрамасы алдағы Қазақстанмен жолдастық кездесуге қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кириакос Атанасиу бастаған кипрлік бригада Армения және Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде төрешілік етеді.

Бұл кездесу 6 маусымда Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.

Бас төреші: Кириакос Атанасиу;

Бас төрешінің көмекшілері: Мариос Калогиру, Кириакос Сократус (барлығы – Кипр);

Төртінші төртеші: Юра Махтесян (Армения).

Қақпашылар: Генри Авакян («Пюник»), Огнен Чанчаревич («ИМТ», Сербия), Арман Нерсесян («Арарат-Армения»), Александр Мишиев («Урарту»).

Қорғаушылар: Камо Оганесян («Арарат-Армения»), Эдгар Григорян («Арарат-Армения»), Хулио Буэно («Арарат-Армения»), Арман Казарян («Урарту»), Эрик Пилоян («Урарту»), Аргишти Петросян (ЦСКА), Георгий Арутюнян («Пушкаш Академия», Венгрия), Наир Тикнизян («Црвена Звезда», Сербия), Артем Бандикян (ЦСКА, Ресей), Давид Давидян («Ротор», Ресей).

Жартылай қорғаушылар: Арам Хамоян («Ноа»), Гор Манвелян («Ноа»), Карлен Оганесян («Пюник»), Эдуард Сперцян («Краснодар», Ресей), Тигран Аванесов («Оренбург», Ресей), Эдгар Севикян («Акрон», Ресей).

Шабуылшылар: Жирайр Шагоян («Арарат-Армения»), Артур Серопян («Арарат-Армения»), Нарек Оганесян (ЦСКА), Грант-Леон Ранос («Айнтрахт Брауншвейг», Германия), Нарек Григорян («Фарул», Румыния), Артур Миронян («Бней Сахнин», Израиль), Давид Акопян («Подбрезова», Словакия).

Бұл кездесу 6 маусымда Армения астанасы - Ереван қаласында Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өткізіледі.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан