Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

  Футболдан ӘЧ-2026: В тобындағы құрамалар қандай қауқар көрсетеді?

    Футболдан ӘЧ-2026: В тобындағы құрамалар қандай қауқар көрсетеді?

Фото: © David Ramos

Биылғы жылдың 11 маусым және 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канада мемлекеттерінде футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты өтеді. Онда алғаш рет 48 құрама сынға түседі. Ұлттық құрамалар 12 топқа бөлінген. Sport12.kz бүгіннен бастап әрбір топтағы құрамалар жайында ақпараттар беріп отырады. Біз бүгін В тобындағы құрамаларға тоқталатын боламыз.

В тобы: Канада, Босния және Герцеговина, Катар, Швейцария

Канада (FIFA рейтингінде – 30 орын)

Канада – Солтүстік Америкадағы тәжірибелі құраманың бірі. Соған қарамастан олар әлем чемпионатында бұған дейін 1986, 2022 жылдары екі мәрте бақ сынады. Екеуінде де топтық кезеңде сүрінді. Есесіне КОНКАКАФ Алтын кубогында екі мәрте чемпион атанса, үш мәрте қола жүлдегер болды. Канадалық футболшылар өз елінен бөлек АҚШ, Шотландия, Франция, Португалия, Швейцария, Хорватия, Испания, Италия мемлекеттерінде ойнайды.

Канадалық футболшылар бұл жолы дүбірлі доданы өткізетін елдердің бірі ретінде әлем чемпионаты іріктеу кезеңіне қатысқан жоқ.

Бас бапкер міндеті АҚШ маманы Джесси Маршқа жүктелген. Ол ұлттық құрама тізгінін 2024 жылдың 3 мамырынан бері ұстап келеді.

Фото: Getty Images

Канада құрамасының тізімі

Қақпашылар: Максим Крепо («Орландо Сити»), Оуэн Гудман («Кристал Пэлас»), Дейн Сен Клер («Интер Майами»);

Қорғаушылар: Мойзе Бомбито («Ницца»), Дерек Корнелиус («Олимпик» Марсель), Альфонсо Дэвис («Бавария»), Люк Де Фужероль («Фулхэм»), Алистер Джонстон («Селтик»), Алфи Джонс («Мидлсбро»), Ричи Ларьи («Торонто»), Нико Сигур («Хайдук» Сплит), Джоэл Уотерман («Чикаго Файр»);

Жартылай қорғаушылар: Али Ахмед («Норвич Сити»), Тейджон Бьюкенен («Вильярреал»), Матьё Шуаньер («Лос-Анджелес»), Стефен Эуштакиу («Порту»), Марсело Флорес («УАНЛ Тигрес»), Исмаэль Коне («Сассуоло»), Лиам Миллар («Халл Сити»), Хонатан Осорио («Торонто»), Натан-Дилан Салиба («Андерлехт»), Джейкоб Шаффельбург («Лос-Анджелес»);

Шабуылшылар: Джонатан Дэвид («Ювентус»), Промис Дэвид («Юнион Сент-Жиллуа»), Кайл Ларин («Мальорка»), Тани Олувасейи («Вильярреал»).

Босния және Герцеговина (FIFA рейтингінде – 30 орын)

Еуропа құрлығында сынға түсетін босниялық футболшылар жоғары деңгейдегі көрсеткішімен мақтана алмайды. 1992 жылы Югославия құрамынан шыққан олар FIFA құрамына 1996, UEFA құрамына 1998 жылы енгізілді. Содан бері 2014 жылы алғаш рет әлем чемпионатына қатысып, топтық кезеңнен аса алған жоқ. Ал әзірге Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінен тыс қалып отыр.

Ұлттық құрама сапында ойнайтын футболшылардың арасында Италия, Португалия, Кипр, Чехия, Англия, Нидерланд, Польша, Германия және өз елінде командалар жейдесін кигендер көп. Сондай-ақ құрама сапындағы Иван Башич қазір қазақстандық «Астана» клубының намысын қорғайды. Құрама сапындағы ең егде ойыншылар қатарында Германияның «Шальке 04» клубының намысын қорғап жүрген 40 жастағы Эдин Джеко бар.

Ұлттық құрама тізгіні 2024 жылдан бері босниялық 55 жастағы бапкер Сергей Барбарезге жүктелген.

Фото: Getty Images

Босния және Герцоговина құрамасының тізімі

Қақпашылар: Никола Василь («Санкт-Паули), Мартин Зломислич («Риека), Осман Хаджикич («Славен Белупо»);

Қорғаушылар: Сеад Колашинац («Аталанта»), Амар Дедич («Бенфика»), Нихад Муякич («Газиантеп»), Никола Катич («Шальке»), Тарик Мухаремович («Сассуоло»), Степан Раделич («Риека»), Деннис Хаджикадунич («Сампдория»), Нидал Челик («Ланс»);

Жартылай қорғаушылар: Амир Хаджиахметович («Халл Сити»), Иван Шуньич («Пафос»), Иван Башич («Астана»), Дженис Бурнич («Карлсруэ»), Эрмин Махмич («Слован»), Беньямин Тахирович («Брондбю»), Армин Гигович («Янг Бойз»), Керим-Сэм Алайбегович («Ред Булл Зальцбург»);

Шабуылшылар: Амар Мемич («Виктория Пльзень»), Эсмир Байрактаревич (ПСВ), Эрмедин Демирович («Штутгарт»), Йово Лукич («Университатя»), Самед Баждар («Сарагоса»), Харис Табакович («Боруссия» Мёнхенгладбах), Эдин Джеко («Шальке»).

Катар (FIFA рейтингінде – 55 орын)

Соңғы жылдары Азия құрлығында Қатар құрамасы жоғары көрсеткішке қол жеткізіп келеді. 2019, 2023 жылдары Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Десе де әлем чемпионатына екінші мәрте ғана жолдама алып отыр. 2022 жылы жарыс қожайыны ретінде дүбірлі додаға тұңғыш рет қатысу мүмкіндігіне ие болса, 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Азия құрлығы бойынша төртінші сатысында А тобында БАӘ және Оманды артта қалдырып, беделді бәсекенің жолдамасына қол жеткізді. Бұл құрама ойыншыларының барлығы дерлік өз елінде ойнайды.

Бас бапкер міндеті 2025 жылдан бері испаниялық маман Юлен Лопетегиге жүктелген.

Фото: Getty Images

Қатар құрамасының тізімі

Қақпашылар: Салах Закария («Аль-Духаиль»), Мешаал Исса Баршам («Аль-Садд»), Махмуд Абунада («Аль-Райян»);

Қорғаушылар: Буалем Хухи («Аль-Садд»), Педру Мигел («Аль-Садд»), Султан Аль-Браке («Аль-Духаиль»), Аль-Хашми Аль-Хуссейн («Аль-Араби»), Аюб Аль-Уи («Аль-Гарафа»), Исса Лайе («Аль-Араби»), Лукас Мендес («Аль-Вакра»), Хомам Аль-Амин («Культураль Леонеса»);

Жартылай қорғаушылар: Ахмед Фатхи («Аль-Араби»), Джассем Габер («Аль-Райян»), Ассим Мадибо («Аль-Вакра»), Абдулязиз Хатем («Аль-Райян»), Карим Будиаф («Аль-Духаиль»), Мохамед Аль-Маннаи («Аль-Шамаль»);

Шабуылшылар: Алмоез Али («Аль-Духаиль»), Акрам Афиф («Аль-Садд»), Тахсин Мохаммед Джамшид («Аль-Духаиль»), Эдмилсон Жуниор («Аль-Духаиль»), Ахмед Аль-Ганехи («Аль-Гарафа»), Ахмед Алаэльдин («Аль-Райян»), Хасан Аль-Хайдос («Аль-Садд»), Мохаммед Мунтари («Аль-Гарафа»), Юсуф Абдурисаг («Аль-Вакра»).

Швейцария (FIFA рейтингінде – 19 орын)

Жанкүйерлер Швейцария құрамасы қазірге дейін жоғары жетістікке қол жеткізе алмағанын жақсы біледі. Алайда олар кез-келген қарсыласына лайықты деңгейде тойтарыс береді. Оны бұған дейінгі әлем чемпионаттарында талай мәрте тамашалаған болатынбыз.

Биыл Швейцария құрамасы төртжылдықтың басты бәсекесіне он үшінші мәрте келеді. Оның ішінде 2006 жылдан бері бірде-бір мәрте әлем чемпионаты финалдық кезеңінен тыс қалған емес. Қазірге дейін жоғары жетістігі ретінде 1934, 1938, 1954 жылдары ¼ финалға дейін жеткенін жоғары жетістік ретінде айтып өтуге болады. Ал соңғы үш әлем чемпионатында 1/8 финалға дейін жетті.

Еуропа құрлығында Швейцария 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде А тобында Косово, Словения, Швецияны қалдырып, дүбірлі додаға қатысуға жолдама алды.

Бас бапкер міндетін 2021 жылдан бері швейцариялық маман Мұрат Якин атқарады.

Фото: Getty Images

Швейцария құрамасының тізімі

Қақпашылар: Грегор Кобель («Боруссия» Дортмунд»), Марвин Келлер («Янг Бойз»), Ивон Мвого («Лорьян»);

Қорғаушылар: Мануэль Аканджи («Интер»), Нико Эльведи («Боруссия» Мёнхенгладбах), Миро Мухайм («Гамбург»), Рикардо Родригес («Бетис»), Сильван Видмер («Майнц»), Лука Хакес («Штутгарт»), Орель Аменда («Айнтрахт»), Эрай Джёмерт («Валенсия»);

Жартылай қорғаушылар: Ардон Яшари («Милан»), Денис Закария («Монако»), Гранит Джака («Сандерленд»), Йохан Манзамби («Фрайбург»), Джибриль Соу («Севилья»), Михел Эбишер («Пиза»), Ремо Фройлер («Болонья»), Кристиан Фасснахт («Янг Бойз»), Фабиан Ридер («Аугсбург»), Ноа Окафор («Лидс»), Рубен Варгас («Севилья»), Дан Ндой («Ноттингем Форест»);

Шабуылшылар: Седрик Иттен («Фортуна»), Брил Эмболо («Ренн»), Зеки Амдуни («Бернли»).

Ойындар күнтізбесі

13 маусым

00:00. Канада – Босния және Герцоговина (Торонто. «Бимо Филд» стадионы)

14 маусым

00:00. Қатар – Швейцария (Санта-Клара, «Ливайс» стадионы)

19 маусым

00:00. Швейцария –Босния және Герцоговина (Инглвуд, «Соу-Фай» стадионы)

03:00. Канада – Қатар (Ванкувер, «Би-Си Плейс» стадионы)

25 маусым

00:00. Швейцария – Канада (Ванкувер, «Би-Си Плейс» стадионы)

00:00. Босния және Герцоговина – Қатар (Сиэтл, «Люмен Филд» стадионы)

Еске салсақ, бұдан бұрын А тобындағы құрамалар жайында әңгімелеген едік.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан