3 күн бұрын
Жасұлан Әмірге бүгін Қазақстан құрамасы сапында ерекше мүмкіндік берілмек
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
Қазақстан құрамасы және шымкенттік «Ордабасы» командасының 19-жастағы жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмір бүгін Арменияға қарсы жолдастық кездесуде негізгі құрамда жасыл алаңға шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Ордабасы» командасының түлегіне бұл өзін жақсы жағынан көрсетуге ерекше мүмкіндік болмақ. Қазір ол Қазақстан Премьер-лигасында өзін дарынды футболшы ретінде танытып үлгерді.
Жасұлан Әмір 2006 жылы 26 желтоқсанда дүниеге келген. Шымкенттік клуб сапында өткен жылдан бастап ойын көрсетіп келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан