2 күн бұрын
«Қайсар» ҚПЛ-дің сұрмергенін қатарға қосқысы келеді
Фото: kazfootball.kz
Қызылордалық «Қайсар» жазғы трансферлік кезеңде шабуыл желісін күшейту бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл мақсатта олар соңғы жылдардағы ең нәтижелі легионерлердің бірін Қазақстанға қайтаруды көздеді.
- Менің ақпаратым бойынша, қызылордалық клуб бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло үшін бір жарым жылдық келісімшарт дайындауға ниетті. 38 жастағы форвард қазақстандық жанкүйерлерге «Ордабасы» мен «Қайрат» сапында ойнағанымен жақсы таныс. КПЛ-дегі мансабында бразилиялық екі рет 2020 және 2023 жылдары чемпионаттың үздік бомбардирі болды, - деп жазды спорт журналисі Эльдар Аманбаев
Жоао Паулоның соңғы ресми матчы 2025 жылдың мамырында өтті. Ауыр жарақат алғаннан кейін шабуылшы ұзақ уақыт бойы футбол алаңынан тыс қалды және еркін агент болып табылады.
Еске салсақ, Жасұлан Әмірге бүгін Қазақстан құрамасы сапында ерекше мүмкіндік берілмек.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан