Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Ойын аяқталды Армения — Қазақстан 1:1

Ойын аяқталды Армения — Қазақстан 1:1

Армения құрамасы матчты белсенді бастап, алғашқы минуттардан-ақ Қазақстан қақпасына қысым жасады.

2’ Армения оң қаптал арқылы шабуылдап, бұрыштама добына ие болды.

8’ Серобян қауіпті соққы жасағанымен, Александр Заруцкий допты сенімді ұстады.

10’ Ранос сол қапталдан айып алаңына еніп, қауіпті пас шығарды. Қорғаушылар допты бұрыштамаға шығарды.

11’ Тикнизян бұрыштамадан кейін жақын бұрышқа қатты соққы жасағанымен, Заруцкий тағы да команданы құтқарды.

12’ Оганесян айып алаңында өте қауіпті соққы жасап, доп қақпа бағанасынан санаулы сантиметрге қиыс кетті.

15’ Допқа иелік ету көрсеткіші: Армения — 69%, Қазақстан — 31%.

18’ Қазақстан құрамасы ойынды біршама тыныштандырып, қарсылас қақпасынан алыстатты. Кенжебек алыстан соққы жасап көргенімен, доп қақпадан жоғары кетті.

20’ Статистика бойынша Армения басымдық танытуда: жалпы соққылар — 4:1, қақпаға бағытталған соққылар — 2:0.

22 минут: Армения құрамасының тәжірибелі шабуылшысы Камо Оганесян Қазақстан қақпасына қауіпті соққы бағыттады. Абырой болғанда, доп қақпа торынан табылған жоқ.

25 минут: Қазақстан құрамасы айып соққысына ие болды. Допты Максим Самородов тепті, алайда оның соққысы сәл дәл болмай, доп қақпадан жоғары өтіп кетті.

30-минут. Қазақстан тағы бір мүмкіндікке ие болды!

Қазақстан құрамасы қауіпті айып добын орындау мүмкіндігін алды. Доптың қасына Рамазан Оразов келіп, қақпаны көздегенімен, оның соққысы сәтсіз шығып, есеп ашылған жоқ.

39-минут. Сары қағаз!

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский ереже бұзғаны үшін матчтағы алғашқы сары қағазын алды.

Армения ойыншысын тоқтату кезінде төреші тәртіп бұзушылықты тіркеп, қазақстандық футболшыны ескертумен жазалады.

40-минут. Қазақстан гол соғуға жақын болды!

Алаңның ортасына жақын тұста Ашырбеков допты сәтті тартып алып, шабуылды бастап берді. Допты қабылдаған Максим Самородов айып алаңының шетінен қақпаға дәлдеп соққы жасағанымен, доп қақпадан сәл қиыс кетті.

Алғашқы 45 минуттың соңына қарай ойын қарқыны сәл бәсеңдеді. Қос құрама да сақ ойнап, қауіпті сәттер саны азайды.

47’ | Армения 0:0 Қазақстан

Үзілісте Қазақстан құрамасы екі ауысым жасады:

Бекхан Шайзада қақпада Александр Заруцкийдің орнына шықты.

Ислам Чесноков Ғалымжан Кенжебектің орнына алаңға шықты.

Екінші тайм басталды. 47-минутта Максим Самородов айып алаңының шетінде қарсыласын алдап өтпек болғанымен, допты өзінен алыс жіберіп алды.

50’ Максим Самородов есеп ашты!

Алихан орталықтан тамаша пас шығарып, Самородов сол қаптал арқылы айып алаңына енді. Қарсылас қорғаушысын алдап өтіп, бірнеше ойыншының ортасында бұрылып, алыстағы бұрышқа дәл соққы жасады!

Қазақстан құрамасы алға шықты — 0:1!

53’ | Армения 1:1 Қазақстан

Эдуард Сперцян жауап голын соқты.

Есеп теңесті. Армения құрамасының шабуылы кезінде Ян Вороговский допты айып алаңынан сыртқа шығарған еді. Допты Эдуард Сперцян қабылдап, алыстан төмен бағытталған қуатты соққы жасады. Нәтижесінде доп Қазақстан қақпасының бұрышынан табылды — 1:1.

56-минутта Армения қатарынан екі бұрыштама орындады. Екінші бұрыштамадан кейін Миранян баспен соққы жасағанымен, доп қақпа маңдайшасынан сырт кетті.

Армения құрамасы араға небәрі үш минут салып есепті теңестірді. Қазіргі есеп — 1:1.

57’ | Армения құрамасының қорғаушысы Хуниор Жулио Максим Самородовтың жылдам шабуылын ереже бұзып тоқтатып, сары қағаз алды.

58’ | Стандартты жағдайдан кейін Армения айып алаңында қарбалас орын алды. Ян Вороговский қақпаға бағыттап соққы жасағанымен, доп қақпа үстінен өтті.

59’ | Қазақстан қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Ислам Чесноков алыстан қуатты соққы жасағанымен, Армения қақпашысы Чанчаревич допты қайтарды.

61’ | Соңғы минуттарда екі команда да жиі қателесіп, доптан айырылып жатыр. Гол алмасудан кейін ойынның қарқыны біршама бәсеңдеді.

63’ | Армения құрамасы сол қапталдан кезекті бұрыштама добын орындады. Эдуард Сперцянның айып алаңына асырған добын қазақстандық қорғаушылар баспен аластатты.

64’ | Қазақстан құрамасы қос бірдей ауысым жасады.

Дінмұхамед Қараман алаңға шығып, Алиханның орнына ойынға қосылды.

Әбинұр Нұрымбет Максим Оразовтың орнына шықты.

66’ | Армения құрамасы оң қаптал арқылы шабуыл ұйымдастырды. Серобян қарсыласын алдап өткенмен, айып алаңына жақындай алмай, доптан айырылып қалды.

67’ | Тикнизян сол қапталдан айып алаңына еніп, жақын бұрышқа бағыттап қатты соққы жасады. Доп қақпа торының сыртқы жағынан өтті.

67’ | Армения құрамасы алғашқы ауысуын жасады. Эдгар Севикян алаңға шығып, Серобянның орнын басты.

68’ | Алаң иелері тағы бір өзгеріс жасады. Давид Давидян Раностың орнына ойынға қосылды.

70’ | Екінші таймның ортасына қарай допқа иелік ету көрсеткіші Арменияның пайдасына — 57%-ға 43%.

71’ | Тикнизян тағы да шабуылдың ұшында болды. Айып алаңының шетінен төмен бағытталған соққы жасағанымен, доп қорғаушы Әліптің денесіне тиіп, қақпаға жеткен жоқ.

72’ | Қазақстан қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Максим Самородов сол қапталдан айып алаңына дәл пас асырды. Дінмұхамед Қараман баспен соққы жасағанымен, доп қақпаға дәл түспеді. Эпизодтан кейін қазақстандық ойыншылардың бірі жарақат алды.

74’ | Қазақстан бұрыштама добын орындады. Самородовтың айып алаңына көтерген добынан кейін армениялық қорғаушылар қауіптің бетін қайтарып, допты алаң ортасына шығарды.

76’ | Армения құрамасы жауап шабуыл ұйымдастырды. Эдуард Сперцян айып алаңында Давид Давидянға пас беріп, оның соққысы қорғаушыға тиіп, бұрыштамаға кетті.

77’ | Арменияның кезекті бұрыштама добы қауіпті сәтке ұласқан жоқ. Доп қақпа маңынан асып, алаң сыртына шықты.

79’ | Қазақстан құрамасы кезекті ауысуын жасады. Сергей Малый алаңға шығып, Нұралы Қасымның орнын басты.

80’ | Қазақстан құрамасында тағы бір өзгеріс. Роман Мұртазаев алаңға шығып, Дастан Сәтпаевтың орнына ойынға қосылды.

80’ | Армения құрамасы қос бірдей ауысу жасады. Гор Манвелян Миранянның орнына шықты.

80’ | Тигран Аванесян алаңға шығып, Карлен Оганесянды алмастырды.

83’ | Армения құрамасы сол қапталдан шабуыл ұйымдастырды. Эдуард Сперцянның айып алаңына асырған добын Ян Вороговский қауіпсіз аймаққа шығарып жіберді.

85’ | Негізгі уақыттың аяқталуына жақындағанда статистика Арменияның басымдығын көрсетуде. Қақпаға бағытталған соққылар саны – 3:3, ал жалпы соққылар – 18:11 Арменияның пайдасына.

86’ | Армения жылдам қарымта шабуылға шықты. Эдгар Севикян қақпаны көздеп айналдыра соққы жасағанымен, доп Әбинұр Нұрымбеттің басына тиіп, қауіп сейілді.

88’ | Қазақстан құрамасы екі бірдей ауысу жасады.

Еркін Тапалов алаңға шығып, Қуат Хамитовтың орнын басты.

Мақсат Әбраев Максим Самородовтың орнына ойынға қосылды.

90+1’ | Төреші екінші таймға 3 минут қосты.

90+3’ | Қазақстан құрамасы позициялық шабуыл ұйымдастырды. Мақсат Әбраев сол қапталдан айып алаңына пас асыруға тырысқанымен, доп алаңның сыртқы сызығынан шығып кетті.

90+3’ | Армения жеңіс голын соғуға жақын болды. Тикнизян тамаша паспен допты алыс бағанға жеткізді. Артём Бандикян жақын бұрышқа бағыттап соққы жасағанымен, Бекхан Шайзада керемет сейв жасап, Қазақстан құрамасын голдан құтқарып қалды.

90+4’ | Матч аяқталды!

Армения 1:1 Қазақстан

Голдар:

50’ Максим Самородов (0:1)

53’ Эдуард Сперцян (1:1)

Қазақстан құрамасы Ереванда өткен жолдастық кездесуде Армениямен тең түсті. Матчтың соңғы секундтарында Бекхан Шайзаданың сенімді ойыны ұлттық құраманы жеңілістен сақтап қалды.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан