Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Ресми: Мирас Тұрлыбек - «Тұран» ойыншысы

Ресми: Мирас Тұрлыбек - «Тұран» ойыншысы

Фото: «Тұран» футбол клубы

«Тұран» футбол клубына 24 жастағы шабуылшы, өткен маусымның Бірінші лигадағы үздік сұрмергені Мирас Тұрлыбек қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Мирас - «Ертіс» футбол орталығының түлегі. 2021 жылы «Ақсу» ФК сапында сәтті маусым өткізіп, 21 ойында 21 гол соғып, Бірінші лиганың үздік сұрмергені, әрі үздік ойыншысы атанды. Сондай-ақ 2022 және 2023 жылдары Қазақстан Премьер-лигасында команда сапында өнер көрсетті. Кейін «Екібастұз» намысын қорғап, 20 ойында 10 голмен көзге түсті.

Өткен жылы Мирас ақтаулық «Каспий» қатарында ойнап, 23 матчта 23 гол соғып, Бірінші лиганың үздік сұрмергені атанып, клубтың чемпиондық атаққа жетуіне үлкен үлес қосты.

Мирас Қазақстанның жастар құрамасында өнер көрсетіп, EURO-2023 іріктеу матчтарына да қатысқан еді.

Жылдың басында шабуылшы туған қаласына оралып, Премьер Лигада ойнаған 290 минут ішінде 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас авторы атанды. Енді Мирас жаңа белестерді бағындыру үшін «Тұран» сапына қосылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Тұран» футбол клубында ардагерлер кеңесі құрылды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан