2 сағат бұрын
«Қайсардың» бұрынғы ойыншысы өмірден өтті
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Ресейлік «Шинник» командасы бұрынғы қорғаушысы Бен Азиз Загренің өмірден өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бен Азиз Загре 1998 жылы 31 желтоқсанда Буркино-Фасоның Бобо-Диуласо қаласында дүниеге келген. 2015 жылдан бері ол Буркино-Фасо, Дания, Португалия клубтарында доп тепкен. 2023 жылы қызылордалық «Қайсар» сапында 23 кездесуде 3 гол соқты. 2024-2025 жылдары «Шинник» сапында ойын көрсетті.
2016 жылы 27 ақпанда Буркино-Фасо ұлттық құрамасында Египетке (0:2) қарсы кездесуде жасыл алаңға шыққан еді.
Айта кетсек, «Қайсар» ҚПЛ-дің сұрмергенін қатарға қосқысы келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан