Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Футболдан ӘЧ-2027:Қазақстан әйелдер құрамасы плей-офф сатысына шықты

Футболдан ӘЧ-2027:Қазақстан әйелдер құрамасы  плей-офф сатысына шықты

Фото: ҚФФ

Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылы әйелдер арасындағы футболдан Әлем чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңінде плей-офф сатысына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан құрамасы С дивизионының 6-тобында Беларусь және Армения құрамаларымен сынға түсті. Бегайым Қырғызбаеваның шәкірттері тартысты өткен ойын нәтижесінде 7 ұпай жинап, топта екінші орынды иеленді. Бұл нәтиже С лигасындағы екінші орын алған үздік командалар қатарына еніп, қыздарымыз плей-офф кезеңінің бірінші раундына өтті.

Топтағы ойын нәтижелері:

Қазақстан – Армения: 3:0 және 1:1

Қазақстан – Беларусь: 1:0 және 0:1

Жеребе тарту рәсімі 18 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында өтіп, Қазақстан құрамасының плей-оффтың бірінші кезеңіндегі алғашқы қарсыласы анықталады.

Күз айларында өтетін өтпелі матчтарда А, В және С лигасы командалары 2027 жылғы Әлем чемпионатына жолдама үшін бақ сынайды. Бұл кезеңде жалпы есепте 7 тікелей жолдама және 1 континентаралық плей-офф жолдамасы сарапқа салынады.

Айта кетсек, әйелдер арасындағы 10-шы әлем чемпионаты 2027 жылдың 24 маусым-25 шілде аралығында Бразилияда өтеді. Турнирге әлемнің ең үздік 32 ұлттық құрамасы қатысады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан